«Психологиялық және әлеуметтік жұмыс» кәсіптік стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 30 мамырдағы № 292 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 13 қаңтардағы № 9 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Психологиялық және әлеуметтік жұмыс» кәсіптік стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 30 мамырдағы № 292 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18764 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
«Психологиялық және әлеуметтік жұмыс» кәсіптік стандартында:
2-тармақтың 14-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«14) мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасы – мүгедектігі бар адамды оңалтудан өткізудің нақты көлемін, түрлері мен мерзімдерін белгілейтін құжат;»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Кәсіптердің тізбесі:
1) әлеуметтік қорғау ұйымының құрылымдық бөлімшесінің (бөлімінің, секторының, тобының) бастығы – СБШ бойынша 7 біліктілік деңгейі;
2) әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман (әлеуметтік қызметкер) – СБШ бойынша 4-6 біліктілік деңгейлері;
3) әлеуметтік қызметкер – СБШ бойынша 4-5 біліктілік деңгейлері;
4) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер – СБШ бойынша 6 біліктілік деңгейі;
5) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант (жалпы бейін) (Супервизор) - СБШ бойынша біліктіліктің 6-деңгейі;
6) әлеуметтік психолог – СБШ бойынша 6 біліктілік деңгейі;
7) пенитенциарлық жүйеде сотталғандармен жұмыс істейтін әлеуметтік қызметкер (қылмыстық атқару жүйесі мекемесінің консультанты) – СБШ бойынша 6-7 біліктілік деңгейі;
8) әлеуметтік саладағы психолог-консультант – СБШ бойынша 6 біліктілік деңгейі;
9) әлеуметтік саладағы психолог-консультант (сот) – СБШ бойынша 6-7 біліктілік деңгейлері.
Кәсіптер карточкалары осы кәсіптік стандартқа қосымшада көрсетіледі.»;
қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.